Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Қазан, 2013

1347

Украин халқы шығармашылығының республикалық фестивалі

Астанада украин халқы шығармашылығының республикалық фестивалі қорытындыланды.

Астанада украин халқы шығармашылығының республикалық фестивалі қорытындыланды.

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ мерейтойлық сессиясы мен Украинадағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында VI Республикалық украин халқының шығармашылық фестивалі өтті. «Жастар» сарайында ұйымдастырылған шараға еліміздің барлық өңірлерінен 10 астам өнер ұжымы қатысты.
 
Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы:
Біз - қазақстандықтар бақыттымыз. Біздің ең керемет брэнд - жүзден астам ұлт бір ана мен бір атадан таралғандай өмір сүреді. Ол біз үшін үлкен мақтаныш. Бұл фестивальде көрмені көрдім, әрбір облыстан келіпті. Мұндай шараға алғаш рет қатысып отырмын. Маған берілген салмақ өте жауапты. Шындық болуы керек. Қатысушыларды барынша  әділ бағалаймыз деп ойлаймын.
 
Бүгінде елімізде 350 000 жуық украин халқының өкілі тұрады. Оның ішінде 30 000-ға жуығы Өскемен қаласының тұрғындары. Ал, елордада өткен фестивальге аталған өңірдің өнер ұжымдары ғана емес, қолөнер шеберлері де келіпті. Олар - Қазақстанға құрметпен қарап, өз ата дәстүрін сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуді зор қуаныш деп біледі. 
Лариса Авдеева, Өскемен қаласы, «Чарівниця» қолөнер үйірмесінің жетекшісі:
Біздің үйірме 9 жылдан бері жұмыс істейді. Мұнда жас демей, кәрі демей тіл үйреніп, моншақ пен бисерден тоқыма тоқып, кесте тігуге барлық жағдай жасалған. Сондықтан, бізге осындай мүмкіндік берген қазақ еліне бас иеміз.
 
Украин әрі қазақ тілдерінде ән шырқалып, ұлттық би де биленген кеш бірнеше сағатқа созылғанмен, халық тырп етпей, бір деммен тамашалады. Осылайша ұлттар достығын нығайтып, бірлігін күшейтуге негізделген тағы бір шара өз мәресіне жетті.

Кейін қарай