06 Наурыз, 2017
1154
Успен ауданында Ассамблея күні өтті
2017 жылғы 3 сәуірде Успен ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясы күніне орай облыстық ҚХА мен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің басшылығы, Қоғамдық келісім кеңесі және облыстық этномәдени бірлестіктері басшылығының қатысуымен қоғамдық қабылдау бөлмесі, сондай-ақ медиация бағытында ақпараттық сессия жұмысы өтті.
Успен ауданынағы ҚХА күні конференциямен басталды. Іс-шараға аудан тұрғындары, зиялы қауым өкілдері және кәсіпқой емес медиаторлар қатысты.
Өз баяндамасында облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының басты міндеттеріне тоқталды. «Тұрақтылықты қамтамасыз ету, халық бірлігін және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, аймақтағы этносаралық және конфессияаралық келісімді қалыптастыру Қазақстан халқы Ассамблеясының басты миссиясы», - деді Сейсембай Қалижанұлы. Сондай-ақ, өз жұмысында облыстық ҚХА хатшылығы этносаралық келісімді қамтамасыз ету барысында, танымдық-тәрбиелік, мәдени-ақпараттық саласын қамти отырып, ішкі саясат, тілдерді дамыту, мәдениет және білім беру басқармаларымен тығыз байланыста жұмыс істейтінін тілге тиек етті.
Конференция аяқталғаннан кейін аудан қонақтары мен тұрғындары Успен ауданының және облыстық ЭМБ-нің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен үлкен концерттік бағдарламаға қатысты.
Тұтастай алғанда, аудандағы ҚХА күні аясындағы өткен іс-шараларда қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтар мен ұсыныстар қаралды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01