
26 Наурыз, 2018
825
«Вайнах» астаналық ансамблінің қайырымдылық концерті өтті
Осы жақсылық және ашық іс-шараны ұйымдастырған облыстық Достық үйі. Бұл іс-шараға «Вайнах» ансамблі қонаққа шақырылды.
Ханифа Муратовна Мациева жетекшілігіндегі ұжымының тарихы өте бай. Биыл оларға 25 жыл толады. Осы жылдар бойы ансамбль республикада үздік ұжым атағына, көтеген грамоталар мен дипломдарға ие болған. Ансамбль құрамында түрлі жастағы әртістер – балалардан бастап үлкендерге дейін. Қостанай қаласындағы Кавказ фестиваліне бірінші рет келгеннен, біздің ұжымға бірден бауыр басып қалды. Енді бізге қонаққа қуанышпен жиі келіп тұрады.
Бір жарым сағат жалғасқан концерт кезінде көрермендер балалар орындауындағы «Тау биі» биін, орта топ құрамындағы ансамблінің орындауында ингуш және кабардин биін, үлкендер орындауындағы қызықты билерді тамашалай алды. Ансамбль солистері шешен тілдерінде тамаша әндерді орындап берді.
Көрермендер ду қол шапалақтауды тоқтатқан емес. Көрермендер концертке риза болып, кетерде алғыс ретінде жәшікке ақша тастап кетіп отырды. Бұл ақшалар «Жизнь на ладони» қайырымдылық жобасына қатысушы 15 жастағы Коля Чуевтің емделуіне берілетін болады. Баланың көру қабілеті нашар, тексерілуден кейін «көру жүйкесінің невриті» деген диагноз қойылды. Ол Оренбург қаласында екі емделу курсын қабылдады, қазіргі кезде оң өзгерісі байқалуда. Оқушының көру қабілетін дұрыстау үшін қанша курс керек екені белгісіз. Келесі емге наурыз айының аяғында бару керек. Оған 250 000 теңге қажет. Қайырымдылық концертінің арқасында жарты сомасы жиналды.
Іс-шараға Коляның анасы Лидия және әжесі қатысты. Олар ұйымдастырушылар мен «Вайнах» ансамбліне алғыстарын білдірді. Ханифа Муратовна баланың тез жазылып кетуіне тілек білдірді.
- Егер біздің концерттер баланың керек қаражатын жинауға және еміне көмегін тигізсе, біз тағы келуге қарсы емеспіз. Біздің әр әртіс тырысып, өзінің ізін қалдыруға тырысты. Біз арнайы қайырымдылық концертін қоюға келдік және әр көрермен сыртта қалмай, өзінің көмегін көрсетеді деп сенемін, - деп Мациева айтып кетті.
Достық үйі әлі қорапты ашқан жоқ, сондықтан қанша қаражат жиналғаның нақты айта алмаймыз. Қорап жапсырылған түрінде «Жизнь на ладони» жобасына берілетін болады.
Облыстық Достық үйінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:45
Марат Әзілханов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» қоғамдық жобасының жетекшісі Л.Буларовпен кездесу өткізді
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті