20 Желтоқсан, 2018
1588
ВЛАДИМИР БОЖКО: 2019 ЖЫЛЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАЛАДЫ
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер қауымдастығының «Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асырудағы ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының бес бастамасы» форумында Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко бизнесті қолдау үшін қабылданып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
Қазіргі уақытта бизнесті және сауда қызметін қолдау туралы заң Парламентте қаралуда.
Владимир Божко атап өткендей, маңызды құралдар жасақталды, енді оларды меңгеру қажет, өйткені «барлық қауымдастықтар мемлекеттің шағын және орта бизнеске арнаған құралдары туралы біле бермейді».
Ол Парламентте жеке бизнесті ынталандыру бойынша Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді шешу призмасы арқылы 2019-2021 жылдарға арналған Үкімет бюджетіне өзгерістер енгізілгенін хабарлады.
Атап айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының мүшесі түсіндіргендей, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылды. 2019 жылғы қаңтарда шағын және орта бизнеске салықтық рақымшылық жасалады.
Владимир Божконың айтуынша, өңдеуші өнеркәсіпті және шикізаттық емес секторды қолдауға, ұлттық валютаның ұзақ мерзімді өтімділігін ұсынуға, аграрлық секторды дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға қаражат бөлінді.
2019-2021 жылдар аралығында бизнесті қолдау міндеттеріне 938 млрд теңге, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға – 300 млрд теңге, өңдеу саласын дамытуға – 190 млрд теңге, ШОБ дамытуға – 90 млрд теңге және жалға берілетін тұрғын үй құрылысына-30 млрд теңге бөлу жоспарлануда.
Нұргүл ШАТЕКОВА color:#3B3C3C">
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз. color:#3B3C3C">
Дата события ассамблеи: 20.12.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ҚР Парламентінің «Бір ел - бір мүдде» депутаттық тобының отырысы өтті
1 Маусым, 18:22
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
2 Маусым, 12:07
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
1 Маусым, 09:16
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
1 Маусым, 09:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
4 Маусым, 10:59