11 Тамыз, 2017
1070
Владимир Божко Мәжіліс депутаттарының жұмысы туралы айтты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Қазақстан халқы Ассамблеясы басшыларымен, активімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесу барысында Божко Ассамблеядан сайланған Мәжіліс депутаттарының жұмысымен таныстырды.
«6 сәуірде Парламентте Ассамблеядан (9) және өзге де партиялардан ұсынылған (22) депутаттардың тобы құрылды. 1 қыркүйектен бастап топ Парламенттің 4 біріккен отырысына қатысты. Сондай-ақ, заң қабылданатын 28 пленарлық отырысқа, 11 үкіметтік сағатқа, тұрақты комитеттердің 206 жиынына ат салысты.
Аталған депутаттық топ мүшелері 1 394 түзету мен ұсыныс енгізді. Жиындарға нағыз өз ісінің мамандары - сарапшыларды тартамыз. Комитет мүшелері Конституцияға енетін өзгерістерді талқылады. Өңірлерге барып, 1 109 рет азаматтарды қабылдады. Топ мүшелері 65 депутаттық сауал жолдады. Ассамблеядан ұсынылған депутаттар 16 сауал берді»,- деді Владимир Божко.
Жиын барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық ой-сананы жаңғырту» мақаласы талқыланды.
Мәжіліс депутаты Қазақстанның мәдениеті мен тарихындағы мол мұраны келер ұрпаққа жеткізу мәселесінің маңыздылығын тілге тиек етті.
«Қоғамдық сана мәселесі өте маңызды. Бұрын біреуде қайғы болса, оған барлығы көмектесетін. Қазір көпшілігі түк болмағандай қасынан өтіп кетеді. Нағыз патриотизм сезімін насихаттап, отбасы институтын, үлкендерге құрметті сақтап қалуымыз керек. Жастар неге классикалық музыканы ұнатпайды? Себебі, мектеп оқушыларының көпшілігі классикалық концерттерге бармайды. Театрларға да ешкім бармайды. Біздің басты - мақсатымыз жастарды барынша рухани құндылықтарға баулу», - деді Божко.
Кездесу соңында Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Ассамблеядан ұсынылған депутаттық топтың жұмысын жақсарту бойынша жиналғандардың ұсыныстары мен тілектерін қабылдады.
http://www.inform.kz/kz/vladimir-bozhko-mazhilis-deputattarynyn-zhumysy-turaly-aytty_a3053880
Дата события ассамблеи: 11.08.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА өкілдері Алматы қ. Медеу ауданының әлеуметтік қолдау орталығына барып қайтты
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
Қостанай облысы ҚХА Этномедиация кеңесінің мүшелері 2024 жылғы жұмысын қорытындылады
-
«Ассамблея жастары» ұйымының көшбасшылары Душанбедегі Тәжікстан мен Қазақстан жастары форумының жұмысына қатысты
-
Сыртқы істер министрлігінде «Ассамблея жастары» халықаралық жұмысы жөнінде жиын өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы гуманитарлық көмек қабылдау және еріктілерінің жұмысын үйлестіру орталықтары