15 Тамыз, 2022
499
«Вяра» облыстық болгар этномәдени бірлесігінің құрылғанына 25 жыл
Ақтөбеде 2022 жылдың 12 тамыз күні Алға ауданы Болгарка ауылындағы этнографиялық мұражай-үйінде Болгарлардың қазақ жеріне қоныс аударғанына 115 жыл және «Вяра» облыстық болгар этномәдени бірлесігінің құрылғанына 25 жыл мерейтойлық іс-шарасы аталып өтті.
Іс-шараға Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасы, Қоғамдық келісім мекемелерінің қызметкерлері, Алға аудандық әкімдігінің өкілдері, этномәдени бірлестік өкілдері,ауыл тұрғындары, шақырылған қонақтар қатысты.
Болгар халқы елімізге қоныстанғаннан бері осы ауылды мекен етіп, жылдар бойы қазақ халқымен тату-тәтті өмір кешіп, тілін, салт дәстүрін ұстанып еркін меңгерген, бірі мен бірі дос, рухани туыстығы шыңдалған ауылы аралас, қойы қоралас тұтас бір ауылға айналған.
25 жыл тарихы бар «Вяра» этномәдени бірлестігі жылдан-жылға үлкен жетістіктерге жетуде. Этнографиялық мұражай-үйі, тарихи ескертіштермен қазіргі уақытта көне жәдігерге айналған болгар халқының күнделікті тұрмыс тіршілігінде қолданған бұйымдары, ыдыс-аяқтары, әдебиеттерімен толықтырылған.
1992 жылы "Вяра" фольклорлық ансамблі Қазақстан халқының бірінші форумына қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясына куәгер болды.
Шара барысында болгар халқының тарихы баяндалып, ән-жырдан шашу шашылып, көркем өнерпаздардың ұлттық билері, ҚХА жанындағы шығармашылық ұжымдарының ән шашуы тамашаланды. Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Н.Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, облыс әкімі атынан алғыс хаттар табыстап, бірлестікте шығармашылық табыс тіледі. Өз кезегінде «Вяра» этномәдени бірлестік төрайымы А.Подольянова мерекемен құттықтап, бірлестік мүшелері мен құрметті қонақтарға мерекелік төс белгі табыс етті.

Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті