
22 Сәуір, 2023
1075
«Үйде сөйле» жобасының ашылуы
2023 жылғы 22 сәуірде Елордада «Ассамблея жастары» РҚБ ұйымдастыруымен тұңғыш қазақ тілінің аулалық «Үйде сөйле» жобасының ашылуы өтті. Жоба Астана қаласының сол жағалауында орналасқан Dream City тұрғын үй кешенінің ауласында ұйымдастырылды.
Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары Геннадий Шиповских пен Максим Рожин, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері және Ассамблеяның жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Жобаның мақсаты - қазақ тілін оқыту мен қолдануға, сондай-ақ, этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде дамытуға кең мүмкіндіктер жасау. Бастаманы жүзеге асыра отырып, «Ассамблея жастары» үйден алыстамай қазақ тілін қол жетімді және қызықты форматта қолдануға мүмкіндік жасайды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповскихтің айтуынша, қазіргі заманауи технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалану мемлекеттік тілді меңгерудің тиімді тәсілі болып табылады, сондықтан «Үйде сөйле» жобасы сияқты азаматтық бастамалар қарапайым азаматтар тарапынан тікелей кері байланыс алады. Оның сөзінше, біздің әрқайсымыздың міндетіміз-қазақ тілін этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде ілгерілетуге ықпал ету. Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары мұндай жобаларды тек жастарды ғана емес, әртүрлі жастағы өкілдерді де тарта отырып, табысты жүзеге асыруда.
«Ассамблея жастары» РҚБ Төрағасы Тимур Жұмырбаев атап өткендей, «Үйде сөйле» жобасы алғаш рет осы айдың басында Алматыда басталды, бірақ қысқа мерзімге қарамастан, бұл жобаны іске асыруға қызығушылық бар. Астанада бұл жоба "BI Service" Басқарушы компаниясы іске қосқан «бақыт министрлігі» жобасымен бірлесіп іске асырылды. Барлық қала тұрғындары «Ассамблея жастары» ұйымына жүгініп, өз ауласында осындай клуб аша алады.
Жобаны Қазақстанның басқа өңірлерінде де іске асыру көзделіп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылының ашылуы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
«Адал азамат» ҚХА қоғамдық жобасының алдағы даму перспективалары талқыланды
-
Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
-
Ақмолада «Үйде сөйле» жоба аясында «Кім жылдам» сайысы ұйымдастырды
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
вчера, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
Ұқсас жаңалықтар
-
Қарағанды медициналық университетінде алғашқы Студенттік Ассамблеяның ресми ашылуы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылының ашылуы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
«Адал азамат» ҚХА қоғамдық жобасының алдағы даму перспективалары талқыланды
-
Абай облысында «Салауатты сана» республикалық жобасының тұсаукесері өтті
-
Ақмолада «Үйде сөйле» жоба аясында «Кім жылдам» сайысы ұйымдастырды