Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қаңтар, 2017

1051

Қылқалам шеберлерінің сырлы сырлары

2017 жылғы 15 қантарда Атырау облысының Достық үйінде Шаймардан Сариев атындағы көркемсурет және қолтаңбалы-сәндік өнер музейінің «Қылқалам шеберлерінің сырлы сырлары»  атты көрмесі өткізілді.

Көрме мақсаты - музей қорындағы жергілікті суретшілер туындыларын  қала тұрғындары мен қонақтары арасында кеңінен насихаттау және қолөнершілер  шеберлігімен, таңғажайып қыр-сырымен таныстыру.

Көрмеге қала тұрғындары мен қонақтары, этномәдени берлестіктерінің өкілдері, колледж оқушылары мен мұғалімдер және БАҚ өкілдері келді.

Көрмеге өзіндік бағасы мен тарихы мәні бар туындылар қойылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының суретшілер Одағының мүшесі, Х.Досмухамбетов атындағы Атырау мемлекеттік Университетінің профессоры Қ.Амановтың «Тарбағатай таулары»,  «Уақыт ағысы», «Дастархан». Қазақстан Республикасының суретшілер Одағының мүшесі А.Отаралиевтің «Сарытоғай ауылы», «Ауыл шеті». Суретшілер Одағының мушесі Ж.Аралбаевтың «Қазақ ауылы», С.Абзаловтың «Таң», «Рембаза таңы», Ә.Жантасовтың «Кешкі мезгіл жаңбырдаң соң» және суретші-қолөнерші Н.Қалиевтің «Ұршық», «Атырау байлықтары» және т.б. 

Кейін қарай