
04 Ақпан, 2016
662
Ғылыми-сараптамалық орталықтың отырысы
Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде 2 ақпан күні Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ғылыми-сараптамалық орталығының кезекті кеңейтілген отырысы болып өтті. Күн тәртібіне қойылған негізгі мәселелер бойынша модератор болған Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, «Нұр Отан» облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мейрамбек Қиықов Елбасының мақаласындағы негізгі факторларға тоқталып өтіп, «Біртұтас ұлт бірнеше құрауыштан құралады. Біріншіден, мәдениетті ұлт болуымыз керек, екіншіден білімді ұлтты қалыптастыра білуіміз керек, үшіншіден еңбекке құштар азаматтар тәрбиелеуіміз қажет, өндіріс деңгейінде жаңа идеялар табуымыз керек. Сонымен қатар денсаулығы мықты ұлт қалыптастыруымыз керек. Бұл айтылғандардың негізігісі 2025 жылға дейінгі тұжырымдамада белгіленген және де осы бойынша орындалуы қажет. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы ассамблеясы осы бағытты жұмыс істеп жатыр және ғылыми-сараптамалық орталықтардың жұмысы осыған бағытталған.»,- деп атап өтті.
Сонымен қатар облыстық шешен- ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Герихан Яндиев этносаралық бірлік пен келісім тақырыбында баяндама жасап, өз орталығының жұмысымен толық таныстырып өтті. Ал А.Мырзахметов атындағы Көкшетау Университетінің ҚХА кафедрасы жетекшісінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ардақ Қапышев кафедра жұмысымен таныстыра отырып, студенттердің дайындаған бейне материалын көрсетті.
Ғылыми-сараптамалық орталықтың кезекті отырысына қатысқан зиялы қауым өкілдері өз ойларын білдіріп, қазақстандық татулық пен бірегейлікті нығайтудағы сара жолдың дұрыстығын қолдап, тарқасты.
«Қоғамдық келісім»
мекемесінің баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
сегодня, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті