Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Қаңтар, 2016

1945

Ғылыми-сараптамалық тобының кезектен тыс отырысы

Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоратымен бірлесіп, ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының кезектен тыс отырысын өткізді.

Онда күн тәртібіне сәйкес ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы жарлығына сәйкес, мемрзімінен бұрын сайлау өткізудің (экономикалық саяси) маңыздылығы талқыланды.

Негізгі баяндамашы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ректоры, облыстық ҚХА жанындағы ҒСТ төрағасы,  профессор К.К.Кенжебаев өз сөзін: «Құрметті әріптестер! Өткен ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялылары айтып кеткендей,  «Ұлт ісі деген ұлы жұмыс. Ұлт ісін ұлт болып өзі істемесе, өзі жөндемесе істелмейді де, жөнделмейді де, әр жұрт өз ісін өзі істеп, өзі жөндеп апара алса, жұрт болмақ. Жұрт ісінен кімге де болса жұмыс табылады. Жұрт жұмысының жөні, мақсаты бір, істеу жолы түрліше. Соның әр түрін әркім қолға алып жұртқа керек жөнімен  мақсатқа қарай жүргізу керек. Бүгінгі уақыт жағдайына тұлғалардың ұғымымен қарайтын болсақ, олардың айтып кеткен сөздерінің ақиқаттылығына көзіміз жетеді», - деп бастады.

Мемлекет - ұлттың ортақ үйі, өзінің ертеңгі күнін ойлайтын адам секілді ол да болашақ үшін қамданады. Мемлекеттің ертеңі үшін қамданудың жолы ол мемлекеттің мүддесін қорғау ісімен тығыз байланысты. Бұны айтып отырған себебіміз, күні кеше қабылданып отырған мәжіліс пен өңірлік мәслихаттардың кезектен тыс сайлауын бірге өткізу туралы шешім, мемлекет қаржысын үнемдеу қажеттілігінен туындап отыр.

Ел қаржысын үнемдеп, халықтың әл-ауқатын сақтап, арттыратын мемлекеттік жобаларға жұмсау, жастардың кәсіби білім алуына көмектесу - ел игілігі үшін қажет. Сарапшыларымыздың есептеуінше бір жылда екі сайлау өткізуден гөрі, екі сайлауды бір уақытта мерзімінен бұрын өткізу нәтижесінде миллиардтаған қаржы үнемделеді. Сол қаржы ауыл шаруашылығын, өндірісте, шаруашылық саласында шағын кәсіпкерлікті дамытуға қажетті мамандарды даярлауға жұмсалатын болса, онда ұсынылған мемлекет бағдарламалардың біраз бөлігі уақытылы жүзеге асады. 

Философия ғылымдарының докторы, профессор А.Ә. Айталы: «Профессор  К.К. Кенжебаев айтып өткендей, мерзімінен бұрын депутаттарды сайлап алу ел үшін тиімді нәрсе. Біріншіден, мемлекет қаржысы үнемделеді, екіншіден, реформаны орындау үшін биыл қабылданған заңдардың іске қосылуын қоғам  күтуде. Мерзімінен бұрын өткізілгелі отырған сайлаудан күтетініміз - жастардың, білікті мамандардың қоғам алдында жүріп, мемлекетке қызмет ететін болады деген сенім. Сондықтан да мен бұл бастаманы қолдайтынымды айтқым келеді.

Тарих ғ.д., профессор Н.А. Абдоллаев. Мен мерзімінен бұрын халық қалаулыларын сайлау туралы ұсыныстың маңызы туралы мынадай ойымды айтқым келеді. Бұл ұсыныс халықтың жан-дүниесіне қонымды бастама болды. Еліміздің қалаулылары ел қаржысын үнемдеу үшін дұрыс бастама көтерді, ол бастама мемлекет болашағына қажетті құндылықтардың қалыптасуына ықпал етіп отыр. Сондықтан да бұл ұсынысты дер кезінде дұрыс қойылған бастама деп есептеймін.

Тарих ғ.д., профессор Р.А. Бекназаров. Ғалымдарымыздың пікірлеріне қосыламыз, мерзімінен бұрын сайлау өткізу дұрыс шешім. Менің жанымда отырған әріптестерім де бұл сөзімді қолдайды деп ойлаймын.

 

 

Ақтөбе облысы

Қазақстан халқы Ассамблеясының

жанындағы ғылыми сараптамалық тобы

Кейін қарай