
31 Шілде, 2023
912
Қымызмұрындық
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы мен ҚХА ХХХІІ сессиясында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы облыстық Ішкі саясат және спорт басқармаларымен, “Қоғамдық келісім” КММ және Кеген ауданы әкімдігімен бірлесе отырып, 2023 ж. 28 шілдеде Қарқара жайлауында Қымыз фестивалін өткізді.
Шараның мақсаты «Қазақтану» жобасы аясында Қазақстан халқына ортақ құндылықтарды қалыптастыру, этностар арасында қазақ халқының біртұтас ортақ құндылықтары мен ұлттық спорт түрлерін насихаттау, ата кәсібіміз – мал бағу мен қымыз өндірудің қыр-сырын паш ету, ағзаға пайдасы мол ұлттық тағамдарды дәріптеу болып табылады.
Мерекеде 16 қазақ үй тігіліп, ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сыныптары, қолөнер шеберлерінің және ауылшаруашылық көрмелері ұйымдастырылып, ауыл азаматтары келген қонақтарға бие бау дәстүрін көрсетіп, бата берді.
Шарада Қазақстан жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама беріліп, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін дәріптеуге және қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға қосқан үлестері үшін Алматы облысының бірқатар азаматтары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, қазақша күрес сияқты ұлттық ойындармен қатар 10 шақырымға құнан бәйге, 25 шақырымға аламан бәйге жиналған жұртшылықтың назарын аударды. Мереке барысында 1120 литр қымыз дайындалып, көпшілікке ұсынылды.
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
сегодня, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті