Қазақстан халқы Ассамблеясы

12 Ақпан, 2016

1583

«Ынтымағы жарасқан Қазақстан» фестивалі

 

10 ақпан күні, Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында этномәдени орталықтардың қатысуымен «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» атты облыстық халықтар достығы фестивалі өтті. Фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  іс-шаралар шеңберінде өткізіліп отыр. 

Фестивальдің мақсаты: Ақтөбе облысында тұратын этностардың ұлттық төл мәдениеттерін, тілдері мен салт-дәстүрлерін сақтау. Сондай-ақ, жалпы қазақстандық мәдениетті, рухани бірлікті, халықтар арасындағы достықты қалыптастыру және дамыту.

Фестиваль шымылдығын «Достық сазы» халықтық фольклорлық ансамблі түріп, одан кейін Фестивальді салтанатты түрде ашу үшін сөз Ақтөбе облысы  Қазақстан  халқы Ассамблеясы хатшылығының  меңгерушісі Жолдас Махуұлы Нұршинге  берілді.

Іс-шарада Ақтөбе облысындағы немістердін «Возрождение» қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Славяне» Ақтөбе аймақтық орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Республикалық қоғамдық  бірлестігінің Ақтөбе филиалы, украиндардың «Оксана»  ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Шатлык» татар – башқұрт орталығы»  қоғамдық бірлестігі, тағы басқалар өнер көрсетті.   

Мәртөк ауданынан келген «Шатлык» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі филиалының «Умырзая» ансамблі «Кило ярым-Пряник», «Сафия Такмаклары», «Былбылым»,  «Нэрсэ булды» әндерін орындады. Басқа  этномәдени орталықтардың мүшелері де белсенді қатынасты.

Іс-шара соңында Қазақстан  халқы Ассамблеясы хатшылығының  меңгерушісі Жолдас Махуұлы Нұршин барлық қатысушыларды құттықтап дипломдармен марапаттады.

Фестиваль облыстық Достық үйінің әншілерінің орындауында «Жаса, Қазақстан!» әнімен және әдемі отшашумен аяқталды.

   

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»

ММ-нің «Қоғамдық келісім»

КММ-нің баспасөз қызметі

Кейін қарай