Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Шілде, 2015

2484

Қырғыз мәдени фестивалі

Қырғыз мәдениеті өз тамырын тереңнен алады. Оның қалыптасуына Алтай мен Шығыс Түркістан аумағынан ежелгі орта ғасырда көшіп-қонған түрік тайпалары ықпал еткен. 

Қырғыз мәдениеті өз тамырын тереңнен алады. Оның қалыптасуына Алтай мен Шығыс Түркістан аумағынан ежелгі орта ғасырда көшіп-қонған түрік тайпалары ықпал еткен.

Солтүстік Қазақстан облысында 300-ге жуық қырғыз тарихи отанынан жырақта тұрып жатқанымен, өз дәстүр-ғұрыптарын құрметтеп, тілдерін, мәдениетін, этнос тарихын сақтауға,  сондай-ақ, қоғамдағы негізгі құндылық - бейбітшілікті, келісімді, сүйіспеншілікті, толеранттылықты және өзара түсіністікті насихаттауға арналған іс-шаралар өткізеді.

Облыстағы қырғыздар қоғамдық бірлестігі 2008 жылдың 27 ақпанында құрылып, 7 жыл бойы Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін барлық іс-шараларға белсенді түрде атсалысады, қырғыз этносының өзіндік мәдениетін сақтау саясатын тілді, тарихты, әдебиетті және сәндік-қолданбалы өнерді зерделеу жолымен жүргізеді.

2015 жылдың 18 шілдесінде Достық үйінде қырғыз мәдениетінің фестивалі өткізіліп, оған Петропавл қаласының шығармашылық ұжымдары, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы  әскери институтының курсанттары болып табылатын Қырғызстаннан келген әртістер, «Манас-Петропавловск» орталығының әншілері, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері қатысты.

Іс-шара басталар алдында Достық үйінде сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдасттырылып, оған киіз бен жүннен жасалған 50-ден астам бұйымдар түрі қойылды.

Фестивальді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Салимов Наиль Камилұлы ашты. Өз сөзінде ол 2015 жылы өткізіліп жатқан шаралардың айрықша маңыздылығына тоқталып өтті. Себебі, биылғы жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясы  жылы - бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың жылы. "Осындай шаралар бізді жақындастырады, өйткені біз басқа этностардың мәдениетімен, салт-ғұрыптарымен танысамыз,  бұл біздер үшін ерекше маңызға ие, себебі біз біртұтас Қазақстан халқын дәріптейміз» деп Наиль Салимов сөзін аяқтады.

Болтуруков Майрамбек Аяпбергенұлы «Манас-Петропавловск» қырғыз орталығының төрағасы болып табылады. Ол өз кезегінде барлық жиналған қауымды Ассамблея жылымен құттықтады.

Фестивальдің бағдарламасында «Қуанамын» би студиясы өнер көрсетті, олардың жетекшісі  - хореограф Алина Ушакова. Ұжым түрлі этностардың билерін орындады.

Отбасымен бірге этномәдени бірлестік жұмысына тұрақты түрде қатысатын әнші-аспапшы Улук Маматеменовті зал зор қошеметпен қарсы алды. Ол «Жаңбыр төкті», «Арман-ай» әндерін өзі баянда ойнай отыра шырқап берді.

Әр халықтың рухани мәдениеті дәстүр-ғұрыптар және ауызша шығармалар мен жазбаша ескерткіштер түрінде сақталады. Қырғыздардың көшіп-қонып жүру өмір салтынан оларда жазбаша ескерткіштер соншалықты көп емес, алайда олар ұрпақтан-ұрпаққа  өз эпостық жырларын ауызша жеткізген. Қырғыз батырлар эпосының аса ірі туындысы - «Манас» поэмасы. Ол манасшы-жыраулардың көптеген ұрпақтарының шығармалары нәтижесінде жиынтықталып көлемі жағынан орасан трилогияға айналған. XIX ғасырға дейін поэма ауызша түрде таралып келген, бүгінгі күні де Қырғызстанда әйгілі эпосты тыңдауға және дарынды жырауларды көруге қарасы қалың жұрт жиналады. «Манас»  эпосы  әлемдегі ең ұзақ шығарма ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Сонымен, поэмадан үзіндіні Нұрлан Темірболат нақышты оқып беріп, барлық қатысушыларды батырлар ерлік жасаған дәуір жайлы ойға шомдырды.

Сондай-ақ, фестиваль бағдарламасында Қырғызстан жайындағы өлеңдер, достық туралы және өз отандарына деген сүйіспеншілік жайындағы әндер орындалды.

Әсіресе, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясы  әскери институтының курсанттарының қырғыз халық биін жандыра билеп беруі ерекше қойылым болды.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар қырғыз орталығы әзірлеген дастарханнан дәм татты.

 

  

Кейін қарай