02 Қыркүйек, 2016
924
Қырғыз Республикасының Тәуелсіздік күні аталып өтті
Осындай атаумен Қостанай облысының орталығында «Асаба» қырғыз қауымдастығының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараға аймақтың этномәдени бірлестіктерінің басшылары, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері қатысты.
Қырғыз қауымдастығы өзінің саны аз болғанымен, өңірде бірнеше жылдан бері белсенді қызмет етіп, ел бірлігін сақтау, қоғамдық келісімді нығайту ісіне үлес қосып келеді. Оның мүшелері жиһаз, пластик терезелер жасау және халық тұтынатын тауарлар саудасы саласында жұмыс істеп, өңірде шағын және орта бизнестің дамуына да үлес қосуда.
- Қазақстан - біздің екінші Отанымыз. Біз мұнда 1996 жылдан бері тұрып жатсақ та, қазір жергілікті халықпен біте айнасып кеттік, өсіп, тамыр жая бастадық. Осы жерде отбасылар құрылды, балаларымыз өсіп-өнді, кейбіреулердің немерелері де дүниеге келді.
Биылғы жылы Қырғызстан Республикасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтуде. Тарихи отанымыздан алыс болғанымен біз оның табыстарына әрдайым марқайып, гүлденуіне тілектеспіз. Сонымен бірге біз Қазақстандағы ынтымақтастыққа, келісім мен бірлікке, бейбітшілікке қуанамыз,-деді қырғыз қауымдастығының төрағасы Қанатбек Беделбеков жиналғандарға арнаған сөзінде. Мерекемен құттықтай отырып ол «Асаба» этномәдени бірлестігінің бір топ белсенді мүшелеріне алғыс хат пен бағалы сыйлықтарды табыстады.
Мерекелік іс-шара қонақтарына облыстық филармония әртістерінің қатысуымен қырғыз тілінде және өзге де тілдерде ән айтылып, әртүрлі этностардың билері көрсетілді.
Қостанай облысы әкімдігінің
«Коғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады