10 Маусым, 2015
1436
Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының «Күміс тамыр» Алматы облыстық қытай этномәдени бірлестігі мүшелерімен өткен кездесу
2015 жылғы 10 маусымда ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулы Чжан Вэй мырза жұмыс сапарымен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына келді. Осыған байланысты, «Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығының» ғимаратында облыстық ҚХА қызметі туралы "Суреттер шертер шежіре" атты көрме ұйымдастырылды. Көрмені аралағаннан кейін Бас консул мырза «Күміс тамыр» Алматы облыстық қытай этномәдени бірлестігінің мүшелерімен, Достық Үйінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуді облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай ашып, қатысушыларды мәртебелі меймандармен таныстырып өтті.
Сөз алған Чжан Вэй мырза облыс әкіміне, облыстық ҚХА хатшылығы мен Достық Үйінің басшылығына көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, Бас консул мырза екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени, әлеуметтік байланыстарды тілге тиек ете отырып, Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту керектігін айтып өтті. Қазіргі таңда әлемде орын алып жатқан жаһандық проблемалар мен кейбір мемлекеттердегі шиеленістерді мысалға келтірді.
Сондай-ақ, консул мырза 10 000 қазақстандық студент Қытайда білім алып жатқандығын, ал ҚР-да 1 000 аса ҚХР студенті оқитындығын жеткізді.
Сөз кезегін «Күміс тамыр» Алматы облыстық қытай этномәдени бірлестігінің төрайымы Л.Мазова алып, Бас Консулды Алматы облысына келген сапарымен құттықтап, этномәдени бірлестіктің атқарған жұмыстарына тоқталды. «Күміс тамыр» Алматы облыстық қытай этномәдени бірлестігі облыстық ҚХА ұйымдастырып өткізетін барлық іс-шаралардың белсенді қатысушысы болып табылатындығын айтты.
Бірлестік төрайымы Алматы облысының қытай этносы өкілдері еңбек етіп, бейбіт елде өмір сүріп жатқандығына риза екендігін жеткізді.
ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай өз сөзінде Қазақстан көптеген жетістіктерге жетіп, алдағы уақытта озық 30 елдің қатарына кіруді мақсат етіп отырғанымызды, Елбасы ұстанып отырған достық пен қоғамдық келісім саясаты - оң, прогрессивті идея ретінде бүкіл халықтық қолдауға ие болып отырғанын жеткізді. Сол арқылы елімізді барша әлем бейбітсүйгіш ел ретінде таниды, мойындайды деп түйіндеді.
Шараның соңында Бас консул Чжан Вэй мырза Алматы облысына келген сапары сәтті өткендігін айтып, алғысын білдірді, жиналған қауыммен естелікке суретке түсті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты