Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Мамыр, 2016

1064

Қыздар тәрбиесімен айналысатын «Мәншүк» атты клуб ашылды

Көкшетау қаласының №17 орта мектебінде қыздарды ұлттық дәстүрге тәрбиелейтін «Мәншүк» атты қыздар клубы ашылды. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы Аналар кеңесінің қолдауымен өткен игілікті іс-шара барысында аталмыш мектеп жанынан Әкелер кеңесі де құрылды. «Мәншүк» клубы ашылуының негізгі мақсаты қазақ қыздарының бойында қайсарлық, батылдықты тәрбиелеу, сонымен қатар оларды болашақта келін, асыл жар, аяулы  ана болып өсуіне ықпал ету. Аналар кеңесінің қолдауымен қыздар клубы Көкшетау қаласының бірқатар мектептерінде игілікті жұмыс істеп келе жатқандығын атап өтуге болады.  Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Аналар кеңесінің төрайымы Зере Еспайқызы «Қыз бала тәрбиесін балабақшадан бастап, мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындарында үздіксіз жүргізіп отыру керек. Аналар кеңесінің мақсаты да - осы. Қыз тәрбиесін қолдан шығарып алмау, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру – біздің міндетіміз»,- деп атап өтіп, жыл бойы бірлесе жұмыс істеп келе жатқан Іскер әйелдер ассоциациясы Ақмола филиалының төрайымы Дәмелі Қойшина мен облыстық жастар ресурсы орталығының директоры Гүлім Бегалинаға зор ризашылығын білдіріп, ықылас гүлін табыстады.

Дәмелі Қойшина өз кезегінде 2016 жылдың 1 тоқсанындағы мәлімет бойынша ажырасу пайызы 58-ге жеткендігін мысалға келтіріп, «отбасының ұйытқысы ана екендігін, ал бүгінгі қыз ертеңгі ана, асыл жар» деді. Бүгінгі таңда қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлініп келе жатқандығына алғысын білдіріп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Аналар кеңесінің мүшесі, чуваш тілінің мұғалімі Елена Тарасова қыздарға қолөнер сабағын өткізіп, шеберлік сабағын көрсетті.

Іс-шара соңы бұрымды қыздар дефилесіне жалғасып, ән мен биден шашу шашылды.

   

 

 

«Қоғамдық келісім»

 мекемесінің баспасөз қызметі 

Кейін қарай