
21 Тамыз, 2020
781
Қызылорда: Этножурналистика байқауының жеңімпаздары марапатталды
Қызылордада Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен этножурналистика саласындағы облыстық «Жасампаз 25 жыл» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды. Жүлдегерлерді облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов марапаттап, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне этносаралық татулық пен бірліктің нығаюына қосқан елеулі еңбектері үшін ризашылығын білдірді.
Жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен барлық өңірлерде ел бірлігін сақтау жолында, ауызбіршілікті одан әрі дамыту жолында қалам тербеп жүрген ақпарат құралдарының өкілдері арасында дәстүрлі түрде шығармашылық байқаулар өткізіліп келеді.
Бұл жолғы байқаудың мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай елдегі татулық пен бірліктің беріктігін насихаттау, этносаралық қатынастар тақырыбын жазып, көрсететін журналистерді ынталандыру арқылы елдегі қоғамдық келісімді нығайту болып табылады. Үстіміздегі жылдың 1наурызынан бастап байқауға бірнеше өтінімдер келіп түсті. Республикалық, облыстық, қалалық телеарна мен баспасөзден 15 өтінім қабылданып, қаралды. Қазылар алқасының құрамын белді де беделді, өз саласының білгірлері «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев, «Хабар24kz» телеарнасының Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Әлібек Байшүленов, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының кеңесшісі Ержан Уәйіс және мекеменің сектор меңгерушісі Рахима Ахметова құрап, барлық шығармашылық жұмыстарды қарап, саралап тиісті бағаларын қойды.
Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша баспасөз салысынан бірінші орынды қалалық «Ақмешіт апталығы» газеті бас редакторының орынбасары Гүлмира Ділдәбекова, екінші орынды облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Мейрамгүл Дауылбайқызы иеленді. Ал, телесюжет бағыты бойынша тіл шұрайлылығы мен тапқырлық шеберлігіне сәйкес бірінші орынды облыстық «Қазақстан Қызылорда» телеарнасының тілшісі Асқар Тәжиев, екінші орынды республикалық «Хабар24kz» арнасының облыстағы меншікті тілшісі Қамбар Бекенов қанжығасына байлады. Сонымен бірге байқауға белсене қатысып, ұлтаралық келісім мен татулықты насихаттау жолындағы еңбегі үшін республикалық «Казахстанская правда» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Ли Юрий Владимирович, қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасының тілшісі Индира Раисова, облыстық «Кызылординские вести» газетінің тілшісі Айжан Жарманова марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
15 Тамыз, 17:43
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
15 Тамыз, 18:34
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
сегодня, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады