09 Шілде, 2019
4991
Қызылорда ҚХА: Домбыра тілін түсінбеген қазақ өз халқының жанын да түсінбейді
Үстіміздегі жылдың 7 шілдесінде Қызылордадағы перинаталдық орталықта облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай «Қасиетті домбыра» атты акция өтті.
Оған облыстық ассамблея жанындағы Аналар кеңесі, БАҚ өкілдері қатысты. Акцияның мақсаты – қазақтың ұлттық аспабы домбыраны дәріптеу арқылы қоғамды ұлттық мәдениетті сақтау және жаңғырту идеясының айналасында одан әрі топтастыра түсу.
Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева өңірде бірінші болып дүние есігін ашқан нәрестеге арналған Қазақстан халқы ассамблеясының логотипі бейнеленген ұлттық домбыра аспабын және сəбидің анасына «Айналайын, Ұлы дала перзенті» атты домбыраның маңыздылығы туралы мәтінімен естелік тілегін салтанатты түрде табыстады.
Бұл сыйға төртінші сəбиін дүниеге əкеліп отырған Айнұр Пашкенова ие болды. Жұбайы теміржолшы болып жұмыс істейді.
Домбыра – бұл жәй ғана музыкалық аспап емес. Бұл қазақ үшін тұтас бір әлем, шексіз ғалам, оның өмірі. Халықта «қазақтың жаны – домбыраның үнінде» деген сөз бар.
ҚХА акциясы домбыраның ата-бабалардың сан ғасырлар бойғы тарихы мен мәдениетінің сақталуына жәрдемдесіп, ұлттық кодты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан нышаны ретінде әр үйдің төрінде тұру дәстүрін жаңғыртуды көздейді.
Аталмыш шара Қазақстанның жаңа туған азаматтары мен олардың ата-аналарына балаларын рухани қалыптастыру жолындағы маңызды бағдар болмақ. Өйткені, көне замандардан бері домбыра тілін түсінбеген қазақ өз халқының жанын да түсінбейді деп саналады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті