24 Тамыз, 2020
1044
Қызылорда: ҚХА оқушыларға арналған зияткерлік ойын өткізді
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» атты зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынға қалалық білім ошақтарынан 15 оқушы қатысты.
Мемлекеттік тілді үйретудегі инновациялық идеяларды жинақтау және тарату мақсатында өткен ойынды «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Гүлзира Сәрсенбек жүргізіп, қатысушы топтарға «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы туралы ақпар берді.
Оқушылар карантин режимін сақтай отырып, үш бағыт бойынша жарысты. Kahoot.it - цифрлық smart сервисі арқылы қосылып, «Тіл – ұлы байлық», «Полиглот» және «Брэйнг ринг» кезеңдерінде өз білімдерін ортаға салды.
Нәтижесінде бірінші орынды №10 «Білім-инновация» мектеп лицейі, екінші орынды Қалтай Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясы, үшінші орынды Б.Шалғынбаев атындағы №217 IT мектеп-лицейі, төртінші орынды №198 Ж.Нұрманов атындағы орта мектебі, бесінші орынды Н. Ахмадеева атындағы №112 орта мектептің оқушылары иеленді. Зияткерлік ойынға қатысып, белсенділік танытқан 5 топтың қатысушыларына «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Қанат Ақылбеков Диплом, Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32