06 Тамыз, 2020
805
Қызылорда: Медиация саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланды
Қызылордада Медиация күніне орай «Медиацияның карантин барысында халыққа пайдасы» тақырыбында онлайн конференциясы болып өтті.
Онлайн конференцияны облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов жүргізді.
Барша медиаторларды ең алдымен 5 тамыз – Медиация күнімен шын жүректен құттықтаған хатшылық меңгерушісі өңірде медиация институтының қанат жайып, бой көтеруі шарада отырған тұлғалардың тікелей атсалысуымен қол жеткізген дүние екендігін, бітімгершілікке қатысты азаматтардың барлығының басын қосып, осы алқалы жиынды ұйымдастыруды жөн көргендігін айтты.
Шара барысында облыстық соттың судьясы Клара Қаниева, Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымы басшысының орынбасары Марат Бәйімбетов, «Бітім» медиация орталығының тренер-медиаторы Ләззат Бақтыбаева және облыстық «Жастар ресрустық орталығы» КММ бөлім басшысы, психолог Сымбат Абдрахманова баяндама оқыды.
Сонымен қатар, өңірдегі медиация саласына қатысты туындаған өзекті мәселелерді талқылау, ауқымдылығына қарай шешімін қарастыру, түйіні шешуге келмесе жоғары тұрған лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдарға жеткізу және тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша медиация әдісін қолданудың тиімділігін көрсету сынды өзекті мәселелер талқыға салынды.
Онлайн конференция ZOOM қосымшасы, әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде өткен болатын.
Сонымен қатар, конференция барысында осы жылы ерекше жұмысымен көзге түсіп, бітімгершілік саласына серпіліс берген бірқатар тұлғалар облыс әкімі және қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті