15 Мамыр, 2020
1051
Қызылорда: Облыс әкімінің орынбасары Достық үйінде болды
Қызылорда облыстық Достық үйіне облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет болып қайтты. Ол облыстағы этномәдени бірлестіктері жетекшілерімен кездесіп, аймақтық ҚХА құрылымдары, жалпы Достық үйінің жұмысымен танысты.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләйлә Төрешова өңірлік ассамблеяның 25 жылда жеткен жетістіктерінен сыр шертіп, этномәдени бірлестіктердің негізгі қызметтері туралы айтып берді. Медиация кабинетінде әлеуметтік, құқықтық шиеленістерінің алдын алу, медиацияны дамытуға қатысты және Қоғамдық келісім кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының негізгі бағыттары мен мазмұнды жұмыстары таныстырылды.
С. Ахмет біздің елімізде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік моделі сәтті жұмыс істеп жатқандығын, онда Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты бірегей институт ерекше орын алатындығын атап өтті. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының, этномәдени бірлестіктердің есебінде ауқымы кең, маңызы зор жұмыстар бар. Алдағы кезеңде оларға түбегейлі өзгерістер мен жаңа міндеттер қойылып отырғандығына тоқталып өтті.
Сонымен бірге облыс әкімінің орынбасары Достық үйінің мұражайын, кітапхана, тілдерді оқыту кабинетін, мәжіліс, концерт залдарын, би үйірмелер орталығының жұмысымен танысып шықты.
Облыс әкімінің орынбасары қазіргідей жылдам жаңғыру мен жаңару заманында этностардың болмысы мен олардың бейбітшілік берекесі қайнаған бір шаңырақ астында бірігуі және Достық үйінің этносаралық келісімді нығайтуда, тіл, дәстүр, мәдениет жаңғыртуда орны ерекше екендігін атап өтіп, бірқатар ұсыныстарын айтты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
-
Қарағанды облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері басталды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
6 Қыркүйек, 11:28