09 Шілде, 2025
187
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбындағы ХХVІІ сессиясы өтті.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қарақат Абден, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, облыстық басқарма басшылары, саяси партия филиалдарының жетекшілері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар мен облыстық Ассамблея құрылымдарының жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар қатысты.
Сессияда этносаралық келісімді одан әрі нығайтудағы жұмыс бағыты айқындалды. Облыс әкімі өңірдегі этносаралық жұмыс жоспарын жан-жақты талдап, оның тиімділігін арттыру мақсатында нақты ұсыныстар әзірлеуді және кеңес отырыстарын жүйелі түрде өткізуді тапсырды. Сонымен бірге, жаңадан бой көтеретін «Достық үйін» туристік бағыттарға қосу міндеті қойылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында бірқатар азамат ҚХА мерекелік медалімен, ҚР Президенті Әкімшілігі Ассамблея хатшылығының Алғыс хатымен, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті
-
Баку қаласында АӨСШК-ның Жастар кеңесінің 8-отырысы өтті