Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қазан, 2015

1562

Қызылорда облысы бойынша 2015 жылғы күзгі шақырылымдағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке салтанатты шығарып салу іс-шарасы

2015 жылдың 30 қазаны күні Жанқожа батыр ескерткішінің алаңында Қызылорда облысы бойынша 2015 жылғы күзгі шақырылымдағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке салтанатты шығарып салу іс-шарасы өткізілді. Шығарып салу рәсіміне «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, әскери бөлім қызметкерлері мен әскерге шақырылушылар және олардың ата-аналары қатысты.

«Қоғамдық келісім» КММ өкілі Е.Уайс, № 27 943 әскери бөлімі 1- мотоатқыштар батальонының командирі майор Б.Есалы, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник М.Махамбет әскерге шақырушыларды Отанының алдындағы борышты абыроймен өтеп келуге шақырды. Шығарып салу іс-шарасының соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Кейін қарай