25 Қараша, 2019
2235
Қызылорда облысында кәріс этносының 29 өкілі Социалистік Еңбек Ері атағын алды
Қызылордада кәріс этносының мәдени күні аталып өтті. Достық үйінің фойесінде көрме ұйымдастырылды. Келген қонақтар кәріс этносының асханасынан дәм татты.
Мәдени күн аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.Төрешова бірлік пен ынтымақты ту еткен кәріс этномәдени бірлестігінің бірқатар белсенділерін марапаттап, бірлестік жетекшісі Елена Кимге аймақ дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
«Сыр өлкесі - атам заманнан сан ұлт өкілі бас қосқан, бақыт тапқан мекен. Бүгінгі күні біздің өңірде 35 өзге этнос өкілдері бар. Әрқайсысы өз салт-дәстүрлерін сақтай отырып, өңірдің дамуына сүбелі үлесін қосып келеді.
Соның ішінде, кәріс халқы 80 жылдан астам қазақ жерінде тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл жай ғана оқиғалардың, күндердің тізбегі емес, ол - өзара бірлесіп өткізілген өмір, ортақ тарих.
Кәріс этносының өкілдері әрдайым еңбекқорлығымен ерекшеленді. Бұған тек бір Шиелі ауданында ғана кәріс этносының 29 өкілі Социалистік Еңбек Ері атағына лайық екені дәлел бола алады. Ал “Авангард” колхозынан, бүгінгі күні Ақмая ауылдық округі, 16 Социалистік Еңбек Ері шықты. Бұл лайықты таңданыс»,- деді Л. Төрешова.
Мәдени күн мерекелікі концертке ұласып, өнерпаздар түрлі жанрларда ән, би, қойылым ұсынды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32