09 Маусым, 2016
752
Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының өңір жұртшылығына ҮНДЕУІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ақтөбе қаласында болған лаңкестік шабуылға байланысты Қазақстан халқына жасаған мәлімдемесіне орай Қызылорда облысының Қазақстан халқы ассамблеясының Кеңесі Сыр өңірінің жұртшылығына Үндеу тастады.
2016 жылдың 5 маусымында Ақтөбе қаласында орын алған оқиға біздің жүрегімізге аса ауыр тиді. Біз елімізбен бірге қаза болғандар үшін күйіне қайғырамыз.
Лаңкестердің қылмыстық әрекеттерін үзілді-кесілді айыптаймыз. Оларға кешірім жоқ, олар заң алдында өздерінің қанды істері үшін толығымен жауап беруге міндетті.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың барша қазақстандықтар кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге зорлап шақырулардың жолын кесіп, қырағы болулары қажет деген сөзіне толығымен қосыламыз. Біздің әрбіріміз ортақ үйіміздің тыныштығы мен бейбіт өмірі үшін жауаптымыз. Сондықтан біз мемлекет қабылдаған жоғары қауіпсіздік шараларын қолдаймыз және құқық қорғау органдарына барынша көмек беруге әзірміз.
Облыстың барлық тұрғындарын ауызбіршілігіміз бен табандылығымызды сақтауға, азаматтық парызымызды танытып, еліміздің тұрақтылығына сына қаққысы келген әрекеттерге қарсы тұра білуге шақырамыз.
Біздің күшіміз – БІРЛІКТЕ!
Қызылорда облысының
Қазақстан халқы ассамблеясының
Кеңесі 2016 жылғы 9 маусым
Қызылорда қаласы
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді