06 Тамыз, 2020
1078
Қызылорда: ҰОС ардагері Любовь Колесник – 95 жаста
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жағыпар Тажмаханов Ұлы Отан соғысының ардагері Любовь Колесникті мерейлі 95 жасымен құттықтау үшін үйіне барып, арнайы сый-сияпатын табыс етті.
Сол сияқты соғыс ардагерін мерейлі жаспен құттықтауға «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Азамат Мукеев, мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру секторының басшысы Рахима Ахметова және «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова да барды.
Хатшылық меңгерушісі Ж.Тажмаханов:
– Сізді 95 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің өміріңіз-өскелең ұрпақ үшін үлгі. Ұлы Отан соғысының қатысушысы ретінде сіз өз ерлігіңізбен жеңіске өз үлесіңізді қостыңыз. Сіз бүкіл саналы өміріңізді адал еңбекке арнадыңыз, қоғамымыздың дамуына белсенді қатыстыңыз. Біз жас ұрпақ соғыс ардагерлерінің ерлік істерін біліп, есте сақтау үшін бәрін жасаймыз. Сізге зор денсаулық, отбасылық бақыт және амандық тілеймін, – деген ақ тілегін білдірді.
Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан мерейтой иесі ғасырға жуық ғұмырында талай асудан мұқалмай өтіп, еңбек майданында қызмет еткен. Бүгінгідей қуанышты сәтте ақ тілекпен келген жандарға өз пікірін білдіре отырып, көрсетілген құрмет үшін шынайы алғысын жеткізді.
Айта кету керек, Любовь Сергеевна 1925 жылғы 4 тамызда қазіргі Түркістан облысы Арыс қаласында әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген. Жұбайы Николай Севастьянович Колесник те соғыс ардагері. Жергілікті медициналық техникумда оқып, кәмелет жасқа толысымен 1944 жылы әскер қатарына шақырылған. Соғыс кезінде Белорусь фронтының дала госпиталінде медбике қызметін атқарып, ержүрек батылдығымен көзге түскен. Соғыс аяқталған соң госпитальда жұмыс жасады. 1945 жылдың қыркүйегінде елге оралып, сол жылы Қызылорда қаласындағы локомотив депо медпунктіне фельдшер болып жұмысқа орналасты. Осы қызметтен зейнетке шыққан. Любовь Сергеевна 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті