02 Қыркүйек, 2015
1700
Қызылорда университетіндегі кездесу
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің хатшылық меңгерушісі Е.Л. Тоғжанов 2015 жылдың 2 қыркүйегінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас ғимаратында болып, археология және этнография зерттеу орталығында болды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігінің хатшылық меңгерушісі Е.Л. Тоғжанов 2015 жылдың 2 қыркүйегінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бас ғимаратында болып, археология және этнография зерттеу орталығында болды. Бұл оқу орны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 24 наурыздағы №256 қаулысымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты бірігіп, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылған. Е.Л. Тоғжанов Сыр бойында соңғы жылдары жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмыстарының барысына жете мән беріп, табылған жәдігерлермен танысты.
Одан соң Тұңғыш Елбасы күніне арналып ашылған «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залын аралады және университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұжымымен кездесті. Бұл кафедра 2014 жылдың жаңа оқу маусымынан бастап қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосу мақсатында ашылған. Кафедраның құрамында тарих, саясаттану, филология ғылымдарының кандидаттары мен магистранттары дәріс береді.
Пікіралысу барысында алдағы уақытта Президенттің этносаясатын халыққа кеңірек таратудың, жастарға насихаттаудың ғылыми-әдістемелік орталығы осы жерде болуы керек деген ойын айтты. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары кафедра жұмысына оң бағасын берді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті