21 Желтоқсан, 2021
743
Қызылордада алғаш рет қыздар форумы өтті
Қызылорда облысында алғаш рет «Қыз – елдің көркі» атты қыздар форумы ұйымдастырылды. Бұл ерекше іс-шараны өткізудің ұйтқысы болған – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі. Шара әйелдер күштерінің облыстық Альянсының серіктестігімен өткізілді.
Форум облыстық білім басқармасының қолдауымен Достық үйінің концерт залында өтті. Көрермендер залы жастық шақпен гүлденді - форумға 15-20 жас аралығындағы түрлі колледждердің үздік студенттері қатарынан 150 қыз қатысты.
Форумның мақсаты – ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу, білімді, тартымды, көшбасшылық қасиеттері бар заманауи қазақ қыздарының бейнесін ілгерілету.
Достық үйінің фойесінде Қазақстанның беделді әйелдеріне арналған «Қазақтың қайсар қыздары» атты кітаптар мен фотосуреттер көрмесі ұсынылды. Көрме М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің педагогикалық ұжымымен дайындалды.
Форум шымылдығын Қазақстан Республикасы мәдениетінің қайраткері Үміт Медеуова «Арудың әлемі» әнімен ашты.
Форумның модераторы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова болды.
ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, облыстық мәслихаттың депутаты Аида Әбибуллаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Шолпан Жүнісова, «Алтын домбыраның» бірнеше мәрте иегері, ақын Мұхтар Ниязов, Жалағаш ауданы, Т. Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айсана Намурадин, М. Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің директоры Жақсыгүл Тоғанова, Шиелі аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бақтыгүл Мұсағалиева қыздарға, әйелдер денсаулығын қорғауға, қыздардың болашағы мен ел болашағының өзара байланысы туралы мәселелерді талқылады.
Спикерлердің сөзінен кейін белсенді талқылау өтті. Форумға қатысушылар өз пікірлерін білдірді.
Форум М. Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледж студенттерінің орындауындағы «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнімен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
6 Қыркүйек, 22:51
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті