27 Қазан, 2021
524
Қызылордада Аналар кеңесінің жаңа әлеуметтік жобасы бастау алды
Қызылорда қаласындағы Жаңабіл Нұрманов атындағы №198 орта мектебінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жаңа әлеуметтік жобасы бастау алды.
Мектепте 12 түрлі этнос оқушылары ата-аналарының қатарынан Әкелер кеңесі ұйымдастырылды. Кеңестің құрметті төрағасы болып білім беру жүйесінің ардагері, «Парасат» орденінің иегері Подольский Марк Захарович сайланды. Төрағасы – Арман Қаржаубаев, тарих пәнінің мұғалімі.
Әкелер кеңесін құру мақсатында үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әкелер кеңесі мектеп жастары арасында отбасылық құндылықтарды насихаттаумен, әкенің қоғамдағы мәртебесі мен бала тәрбиесіндегі рөлін арттырумен, ұл балаларда ерік күші, жауапкершілік, батылдық, еңбексүйгіштік сияқты ермінезді қасиеттерді тәрбиелеумен, жастардың бойында ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеумен айналыспақ.
Әкелер кеңесінің тұсаукесері креативті форматта өтті. Мектеп фойесінде қонақтарды оқушылар әке туралы ойларымен бөлісті. «Менің бақытты балалық шағым», «Менің мектебім – менің мақтанышым» тақырыптарында макеттер, суреттер, қолдан жасалған бұйымдар көрмесі, әкелер мен балалар портреттерінің фотокөрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара тақырыптық бейнеролик көрсетілімінен басталды. Бұдан әрі әкелер кеңесінің ережесі таныстырылды, әкелер кеңесі мүшелері арасындағы спорттық жарыстардың жеңімпаздары марапатталды. Жиналғандардың назарына «Менің әкем» әдеби-көркем композициясы мен концерттік нөмірлер ұсынылды. Қонақтар мен әкелер кеңесі мүшелерінің қатысуымен «Жас Ұлан» қатарына мектептің үздік оқушылары қабылданды.
Тұсаукесерге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Аида Әбибуллаева, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары (қоғамдық негізде) Ирина Шек, облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары қатысты. Іс-шараның модераторы мектеп директоры, аналар кеңесінің мүшесі Анжела Садықбекова болды.
Тұсаукесер соңында мектептік Әкелер кеңесі мүшелерінің және балалардың қатысуымен флешмоб өтті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды