05 Ақпан, 2021
714
Қызылордада Аналар кеңесінің жаңа төрайымы сайланды
Қызылорда қаласының Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті. Оған «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Мартана Дәулетбаева, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева, аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен белсенді мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде облыстық Аналар кеңесінің жұмысын қорытындылау, аудандық Аналар кеңестерінің атқарған шараларына талдау жасау, үздік тәжірибелік еңбектерді анықтау сияқты мәселелер тұрды. Сонымен бірге, облыстық Аналар кеңесінің төрайымы мен мүшелерін қайта қарау мәселелері қамтылды.
Шарада Жалағаш аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Роза Ералы және Шиелі аудандық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Айткүл Әбдіқадырова баяндама жасады. Кеңестің белсенді мүшелері пікір білдіріп, тұщымды ойларымен бөлісті.
Өз кезегінде «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Мартана Дәулетбаева кеңестің төрайымы қызметін осы күнге дейін атқарған Нұрсәуле Мұсаеваға алғысын білдірді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы ретінде кез келген мәселеде жас ұрпаққа қол ұшын беріп, отбасылық құндылықтарды насихаттау, жарқын жобаларды жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарына ризашылығын жеткізді.
Шара соңында кеңес мүшелерінің қолдауымен Аналар кеңесінің жаңа төрайымы болып облыстағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясатын дамытуға үлесін қосқан, әйел бейнесін қалыптастыру, отбасы мен некенің құндылығын насихаттауға ерекше көңіл бөліп, ізгі істердің бас қасында жүрген Аналар кеңесінің белсендісі Рахима Ахметова сайланды. Сонымен бірге кеңес жаңа мүшелермен толықты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
вчера, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
вчера, 14:19