Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Қыркүйек, 2018

1225

ҚЫЗЫЛОРДАДА АССАМБЛЕЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттау бойынша республикалық лекторий жұмысы аясында Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) Қоғамдық келісім кеңесі (ҚКК) төрағаларының кеңесі өтті.

Кеңестердің жұмысын ұйымдастыруға, оның ішінде олардың Ассамблея міндеттерін шешуге қатысуына байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Кеңесті аша отырып, Леонид Прокопенко былай деді: «Бес жыл ішінде Кеңестердің жүйесі қалыптасты, бірыңғай әдіснамалық база құрылып, нақты жұмыс тәжірибесі жинақталды».

Оның айтуынша, 2016 жылы үздік тәжірибе негізінде әзірленген ҚКК типтік моделіне сәйкес олардың қызметі облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгей бойынша біріздендірілген; бірыңғай жұмыс реттемесі енгізілген.

«Солтүстік Қазақстан облысында әзірленген және барлық өңірлік кеңестерде қолдану үшін ұсынылған ҚКК қызметін ұйымдастыру, бақылау және бағалау жөніндегі әдістемелік құралды ерекше атап өткім келеді», — деді ҚХА төрағасының орынбасары.

Ол сондай-ақ оқу құралының құндылығы белгілі бір сыртқы және ішкі өлшемдер бойынша ҚКК рейтингтік бағасын қалыптастырудың жаңа әдістемесінен құралатынын түсіндірді.

Кеңестер Ассамблеяның қоғамдық келісімді нығайту жөніндегі жұмысына жаңа серпін берді және оның азаматтық бастаманы қолдау мен көтермелеуге, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға және қоғамдық бақылау тетіктерін күшейтуге байланысты қызметінің бағытын анықтады.

Леонид Прокопенконың айтуынша, барлық Кеңестер қойылатын талаптарға жауап береді деп айтуға әлі ерте, алайда жүйесі құрылған. Бүгінде Кеңестер барлық деңгейді қамтып отыр: облыстан, қаладан және ауданнан ауылдық округке, жекелеген кәсіпорын мен шағын ауданға дейін.

Жалпы республика бойынша 2991 кеңес құрылды, олардың көбісі Алматы облысында (628), басым көпшілігі - ауылдық кеңестер - 2 594, соңынан кәсіпорындарда кеңестер жүргізілуде —166.

Ассамблея хатшылығының меңгерушісі сондай-ақ қоғамдық диалогты ұйымдастыруда және халықты толғандыратын мәселелерді шешуде ҚКК ресурстары мен әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті.

ҚХА Төрағасы орынбасарының пікірінше, Кеңестер тәжірибеде қоғамдық бастамалардың генераторы болуы және азаматтық белсенділікті ынталандыруы тиіс. ҚКК жұмысын ұйымдастырудың озық үлгісін Шығыс Қазақстан облысының Ассамблеясы танытты, онда барлық деңгейдегі кеңестердің құрамы жыл ішінде 237 адамға жаңарып, 594 іс-шара өткізілген, 235 мәселе шешілді, оның ішінде су тасқыны салдарын жою, балаларды сауықтыру орталықтарына жеткізуді ұйымдастыру, аз қамтылған отбасыларындағы онкологиялық науқастарға көмек көрсету.

ҚХА XXVI сессиясының тапсырмаларына сәйкес, ҚКК жергілікті бюджеттердің тиімді пайдаланылуын және агроөнеркәсіптік секторда үдемелі технологияларды ілгерілетуді бақылауға қатысу ұйымдастырылды.

Осыған байланысты спикер осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.

Кеңес барысында ҚКК жұмысын ұйымдастыру мен сапасына байланысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар Кеңестер жұмысын түсіндіру және жариялау, тәжірибе бөлісу қажеттілігі атап өтілді. Л. Прокопенко тек осындай үлгіде ғана диалог қалыптастырылатын болады, кері байланыс жүзеге асырылып, ҚКК әлеуметтік базасы өседі деп атап өтті.

«Мемлекет басшысы айтқандай, біздің көз алдымызда өзге мүмкіндіктер мен тәуекелдер арқылы жаңа жаһандық ақиқат пайда болады. Халықтың басым көпшілігінің белсенді өмірлік ұстанымымен жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау бізге осы сын-қатерлерді ойдағыдай еңсеруге және жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Осында ҚХА Кеңестері жұмысының басты мәні бекіген», — деді ҚХА Төрағасының орынбасары.

Дәл осы күні Қызылорда облысының ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті, онда қатысушылар «Қазақстанның киелі орындары» жобасының жүзеге асуын талқылады. Сондай-ақ білім беру мекемелерінде «Қазақтану» тақырыбы бойынша дәрістер циклі өтті. Республикалық лектория сарапшылары тыңдаушыларға ұлттық құндылықтар турасында, ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы тілдің рөлі туралы әңгімеледі. Сонымен қатар кездесу барысында дін мәселелері де қозғалды.

Дата события ассамблеи: 13.09.2018

Кейін қарай