19 Маусым, 2019
2175
Қызылордада ауыл шаруашылығы мамандығының жастар арасында тартымдылығын арттыру ісін қолға алуда
Қызылордадағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жаңғырған ауыл» жобасы аясында «Ауылшаруашылығы мамандығының имиджі және агроөнеркәсіптегі жаңа технологиялар» атты семинар өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарының 95-тармағын орындау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Жаңғырған ауыл» жобасын іске асыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары жасақталды.
Аталмыш семинарды С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің аграрлық техника және жаңа технология кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы Асанхан Шаханов жүргізді.
Шараға сонымен қатар қалалық мектептердің бітіруші түлектері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, оқу орындарының оқытушы-профессорлары және шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.
Аталмыш шараны өткізудегі мақсат өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының дамуын ілгерілету және ауыл шаруашылығы мамандығының жастар арасында тартымдылығын арттыру болып табылады.
Профессор А. Шаханов өз баяндамасында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіндегі ауыл шаруашылығы мамандығына бөлінген гранттар мен одан әрі жұмыспен қамту мәселесін, өңірдегі күріш өндіру саласына альтернатива табу және су тапшылығынан туындайтын мәселелерді жеңудің оңтайлы жолдарымен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар ортаға салынған ұсыныстарды талқылап, өз ойларымен бөлісті. Мектеп бітіруші жастар оқу орнына түсу жолдары мен жұмыспен қамту шараларына тоқталып, сұрақтарын қойды.
Жыл көлемінде ауыл жастарына қолдау көрсету, ауыл шаруашылығы мамандығының имиджін арттыру бағытында аудан орталықтарында ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен кездесу өткізу, ауыл жастарына арналған шаруа қожалықтары мен алдыңғы қатарлы ауылдарда экскурсиялар және сала мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел отырыстарын өткізу қарастырылған.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты