18 Қараша, 2020
1282
Қызылордада дәстүрге айналған «Алтын дән» мерекесін тойлады
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Неміс этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінде неміс этносының мәдени күн аясындағы «Алтын дән» мерекесі өтті.
Мерекелік күнге «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Асылбек Жұмабаев, этномәдени бірлестік жетекшілері, белсенді мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Шарада А.Жұмабаев бірлестіктің жеткен жетістіктерін айтып, неміс этномәдени бірлестігінің бірқатар белсенділерін Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен бірге, өңірдің дамуына сүбелі үлес қосқан ұлағатты ұстаз, неміс этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары Мария Семеникина және «Адажио» өнер ұжымының жетекшісі Виктория Шекке Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық медалін табыстады.
«Алтын дән» мерекелі кешінде неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек орталық тарапынан әлеуметтік аз қамтылған жандарға азық-түлік жиынтықтары мен дәрі-дәрмек түрінде гуманитарлық көмек көрсетті. Сондай-ақ, кеште өнерлерін паш етіп, белсенділік танытқан өнерпаздарға алғысын білдіріп, марапаттады.
Неміс этносының мәдени күніне келген қонақтар Германиядағы егін жинау науқаны, күзгі дәстүрлі мереке Erntedankfest туралы қызықты ақпар алды. Әртүрлі жанрларда ән, би, Erntedankfest өлеңдерді тамашалады. Бірлестіктің өнерпаздары кештің көркін келтіріп, оны «Жасмин» және «Адажио» би ұжымы одан бетер жандандыра түсті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32