19 Мамыр, 2021
28245
Қызылордада «Е-Өтініш» біртұтас ақпараттық жүйесінің жұмысы талқыланды
ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Тамара Дүйсенова Сыр өңіріне іс-сапар барысында Достық үйіне келіп, жиын өткізді. Жиынға жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдардың – Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі, Юстиция министрліктерінің, Бас прокуратураның және басқа да мекемелердің өкілдері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Шарада Тамара Дүйсенова мемлекеттік органдар жұмысының жаңа жағдайдағы ерекшеліктері және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттырудың жаңа мүмкіндіктері туралы айтты.
Кездесуде «Е-Өтініш» біртұтас ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беруші дәлелдер келтіру және оларды зерделеуге қатысу және түсініктеме беру, қажетті құжаттарды ұсыну құқығына ие болатыны жайлы сөз болды. Сондай-ақ, мемлекеттік органнан алған жауабына қанағаттанбаса, оның жоғары сатыда тұрған органға шағым келтіруге және талап арызбен сотқа беруге құқығы бар. Сынықты сылтау қылып, болмашы себептермен талап арыздарды кері қайтару тәжірибесін тоқтату үшін, сот өтініш берушілерге талап арызды дұрыс жазуға көмектесетін болады. Судья «белсенді» және «сөйлеуші» болады, арызданушыға мүддесін қорғауда көмектеседі. Бұндай өзгеріс Латвия, Грузия, Молдова, Әзірбайжан және басқа елдерде сәтті іске асырылып келеді.
Айта кетейік, 1 шілдеден бастап кезең-кезеңмен «е–Өтініш»-ке өту басталады. Азаматтардың өтініштері мемлекеттік органдарға біртұтас ақпараттық жүйе арқылы түсетін болады. Арызданушы өз өтінішінің қаралу барысын көріп отырады. Қарау мерзімі 30-дан 15 күнге қысқартылады. Қазіргі таңда орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 100% ақпараттық жүйеге қосылған, ел көлемінде пилоттық қолдану басталды. Ендігі кезекте халықпен жұмыс істеу жергілікті билік органдарына тікелей байланысты болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
сегодня, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті