27 Қаңтар, 2021
839
Қызылордада этнос өкілдері тілтанымдық сайысына қатысты
Қызылорда облысының «Қоғамдық келісім» КММ және «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің бірлесіп ұйымдастыруымен Достық үйінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тіл – достықтың діңгегі» тақырыбында этнос өкілдері арасында тілтанымдық сайыс өтті.
Шара этнос оқушылары арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру, оқып үйренуге деген қызығушылығы мен ықыласын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Барлығы 5 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасқан үш топқа «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары М. Дәулетбаева, Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастырушы-модераторы Г.Шынтасова, «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің әдіскері Ж. Ерекешова төрелік етті.
Топты таныстыру, сөйлемді толықтыру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, мақал-мәтел айту сынды кезеңдерден құралған сайыста жүлделі бірінші орынды – бірлігі бекем «Бірлік» тобы, екінші орынды – татулықты ту еткен – «Татулық» тобы, үшінші орынды – достыққа берік «Достық» тобы иеленді.
Жеңімпаздарға алғыс және сыйлықтар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37