18 Желтоқсан, 2019
1345
Қызылордада Кеңес жауынгерлерінің бауырлас зиратында митинг өтті
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және қалалық әкімшіліктің қолдауымен «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болған кеңес жауынгерлерінің бауырлас зиратында митинг ұйымдастырды.
«Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығы Ресей Федерациясында «Патриот» саябағының тарихи-мемориалдық кешенінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге дейін фашизмге қарсы күресте қаза болған Кеңес жауынгерлерін еске алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Осыған орай Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі «Еске алу жолы» жобасын әзірледі. Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқандар мен жарақаттан қайтыс болған кеңес солдаттарының жерленген жерлерін осы мемориалдық кешеніне салтанатты тапсыру қарастырылып отыр. Сондықтан біз осында жиналып отырмыз», - деді митингтің ашылу салтанатында «Славяне» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Г. Щербакова.
Митинг аясында №5 мектеп лицейінің оқушылары әдеби монтаж оқыды, бір минут үнсіздік жарияланды.
Бауырлас қабірден жер алу рәсімі Кеңес Одағының Батыры И. Панфиловтың есімі берілген №5 мектеп лицейінің директоры Алтын Ізбасоваға тапсырылды. Ендігі кезекте бұл аманат Ресейдің Бас консулдығына тапсырылып, арнайы рейспен Мәскеуге жөнелтілетін болады. Сондай-ақ «Патриот» саябағының мемориалдық кешенінде Қызылорда қаласында жарадан қайтыс болған жауынгерлердің жерленген жерінен, осы бауырлас қабірге көмілген мемориалдық тақта орнатылады деп күтілуде.
Сонымен қатар Г. Щербакова Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкиннің атынан А. Ізбасоваға грамота табыстады.
Айта кету керек, аталмыш оқу ордасы өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу тұрғысында үлкен жұмыс атқарып келеді. Оқушылар туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, ынтымақ пен бірлікті насихаттау бағытында «Славян» орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Бұл мектепті Ресейдің Бас Консулдығы жақсы біледі. Биылғы жылы 9 мамырға дейін мектептің бұрынғы түлектері Мәскеу түбіндегі Дубосеково ауылынан келді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23