03 Наурыз, 2022
463
Қызылордада ҚХА мүшелері студенттермен кездесті
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығында «Алғыс айту – ізгілік сыйлау» тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің алғы сөзін Қорқыт Ата атындағы ҚУ «Тарих» кафедрасының меңгерушісі, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының басшысы, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Айтжан Оразбақов бастап, аталмыш мерекенің өзектілігіне тоқталды.
Кездесуге Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов, облыстық түрік этномәдени бірлестігінің жетекшісі, Қорқыт Ата атындағы ҚУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының қызметкері Гульчин Гейдарова және аталған университеттің «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Алмагүл Абдразақова қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Кездесуге қатысқан студенттер 1 наурыз – Алғыс айту күні жайында мол мағлұмат алды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті