09 Қазан, 2025
56
Қызылордада халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Қызылорда қаласының Астана болғанына 100 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Дәуірлер тоғысындағы Сыр өңірі: тарих және тағылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Маңызды жиын Қызылорда қаласындағы Достық үйінде ұйымдастырылып, оған зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, Ассамблея құрылымдарының мүшелері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен жастар қатысты. Шараның модераторы – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет болды.
Конференция барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы Айгүл Сәдуақасова «Қазақстан халқы Ассамблеясы – азаматтық мектеп ретінде» тақырыбында баяндама жасады.
Жиын соңында қатысушылар Сыр өңірінің астана мәртебесін иеленген кезеңдегі тарихи шешімдер мен сол дәуірдің тағылымды тәжірибесін зерделеудің маңызын атап өтіп, алдағы Ұлттық құрылтайдың Қызылордада өткізілуін ел бірлігі мен рухани жаңғыру жолындағы маңызды қадам деп бағалады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
«Елтану» ғылыми-зерттеу институтын құру туралы меморандумға қол қойылды
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті