16 Қыркүйек, 2021
759
Қызылордада мектеп оқушылары интеллектуалдық сайысқа қатысты
Қызылорда қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы №173 орта мектебінде «Тіл – тәуелсіздік пен татулықтың тірегі» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және «Бітім» медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараға 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Жас ұрпақтың білім-білік дағдыларын қалыптастыру, креативті ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатын көздеген сайыс Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Тілдер мерекесіне арналды.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде әр оқушыға екі сұрақтан қойылып, білімдері сыналды. «Көп тілді білу – өмір талабы» тармағында сайыскерлер жұмбақтың шешуін шешіп, мақал-мәтелді тауып, табылған сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударды. Сондай-ақ, «Шешеннің сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында шешендік сөздерді нақышына келтіріп айтты.
Екінші шешуші кезеңде оқушылар «Мәңгілік елдің тәуелсіз ұрпағымын!» тақырыбында ой толғады.
Барлық оқушылар сайысқа белсене қатысып, өз білімдерін дәлелдеді. Әсіресе бірінші орынды иеленген 10 «А» сыныбының оқушысы Аружан Нұрхан, екінші орын 9 «Д» сынып оқушысы Аружан Камал, үшінші орынды жеңіп алған 9 «В» сынып оқушысы Альбина Әбілғазім ерекше біліктілігі мен шапшаңдығын, тапқырлығын танытты.
Сайыс соңында «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Гүләйім Мәлік және «Бітім» медиация орталығы» ҚБ-нің медиатор маманы Жанна Мирамбекқызы қызықты әрі тартысты сайыс сыйлаған оқушыларға алғысын білдіріп, марапаттады. Оқ бойы озып шыққан жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
«Мектепке жол»: мың баланың қуанышы
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті