27 Қараша, 2018
2764
Қызылордада немістердің Алтын дән мерекесі тойланды
Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Wiedergeburt» облыстық неміс қоғамдық-мәдени орталығының ұйымдастыруымен "ERNTEDANKFEST" (Алтын дән) мерекесі өтті.
Мерекеге орай Достық үйінде көкөністер мен жеміс-жидектерден жасалған бұйымдардың көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге басқа да этномәдени орталықтарының мүшелері белсене атсалысты. Қонақтарға арнайы «Тәтті дастархан» әзірленді. Мерекелік концерт «Гүлдер биімен» басталды.
Алтын дән мерекесі (Астық күні) – ежелгі заманнан бері күзде жинаған астық үшін Жер мен табиғатқа алғыс білдіру мақсатында өткізіледі. Германияда бұл мерекені күз мезгілінде, бірақ әр аймағында өзіндік жергілікті дәстүріне сай әртүрлі тойлайды. Алтын дән мерекесі әр отбасында да аталып өтіледі. Үйлер мен пәтерлер бидаймен, жемістермен, жүзіммен және түрлі-түсті күздік жапырақтармен безендіріледі.
Оған қоса астық көрмелері ұйымдастырылады – ең көлемді астық, ең үлкен асқабақ, күздік өнімдерден жасалған сәнді киімдер мен бұйымдар жасалады. Астық жинаған күні көшелер мен алаңдарда жанды дауыспен әндер шырқалады. Дәстүрлі түрде қызықты ойындар мен сайыстар өткізіледі.
Шаруа қожалықтарының арасында міндетті түрде көрмелер өткізіліп, олардың жаңа көрсеткіштері салыстырылады. Фермерлер өзара егін-егістікке қатысты ақыл-кеңестерімен бөліседі.
«Wiedergeburt» облыстық неміс қоғамдық-мәдени орталығының ұйымдастыруымен өткізілген "ERNTEDANKFEST" мерекесінде де көптеген қызықты ойындармен сайыстар өткізілді.
Шара соңында «Wiedergeburt» облыстық неміс қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы Шек Ирина Николаевна көрмеге қатысқан барлық облыстық этномәдени орталықтардың мүшелеріне ризашылығын білдіріп, алғыс хаттарымен марапаттады. Мерекелік концерт флеш-мобпен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығында төрағаның бірінші орынбасары тағайындалды
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
вчера, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый