09 Наурыз, 2022
468
Қызылордада «Шұғылалы көктем шуағы» атты мерекелік қабылдау болды
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде адамзаттың әдемі жартысын құрметтеумен қатар, әйелдердің әртүрлі қызмет салаларындағы жетістіктері міндетті түрде атап өтіледі. Бұл күн көктем, әйел сұлулығы, нәзіктік, ақыл даналығы және әйелдерге көңіл бөлу күні болып саналадыү
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Шұғылалы көктем шуағы» атты әйелдер қауымы өкілдерінің мерекелік қабылдауын өткізілді.
Іс-шараның модераторы облыстық Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова болды. Облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов қатысушыларға алғы сөз сөйледі.
Кездесуге облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелер мен оқу орындарының директорлары, мұғалімдер, дәрігерлер, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктер басшылары қатарынан 25 әйел қатысты. Іс-шара басталар алдында Қазанғап атындағы жоғары музыкалық колледжінің қазақ ұлттық аспаптар ансамблі әдемі әуендер ойнады. Достық Үйінің фойесінде «Әйелдер – елдің ажары» атты «Тәуелсіздіктің нәзік келбеті» жобасының қатысушыларының фотопортреттерінің көрмесі ұсынылды. Іс-шара дөңгелек үстел барысында шәй үстінде өтті. Қоғамдағы әйелдердің рөлі, балаларды тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды сақтау туралы жан-жақты әңгіме болды.
Облыстық филармония әншісі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Үміт Медеуова мен облыстық филармонияның әншісі Мақсат Мақұлбеков барлық қатысушыларға әйел, ана туралы әдемі, жанды әндер шырқап, тамаша көңіл-күй сыйлады. Мерекелік қабылдау естелік сыйлықтар мен гүлдер табыстаумен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті