11 Сәуір, 2022
680
Қызылордада стринг арт үйірмесі ашылды
Балалар жылына орай Достық үйінде "Қоғамдық келісім" мекемесінің ұйымдастыруымен Стринг Арт сурет өнерінің үйірмесі ашылды.

Ашылу салтанатына "Қоғамдық келісім" КММ директоры Болатбек Айтбенбетов, қолөнерші, суретші Қуаныш Сержанов, этномәдени бірлестіктің өкілдері мен мектеп оқушылары қатысты.
Шарада алғы сөз алған Б. Айтбенбетов "Балалар жылына орай ашылған өнер үйірмесі шығармашылыққа өте қолайлы, табандылыққа, қол еңбегіне дағдыландыруға және бала моторикасын белсенді дамытуға мүмкіндік береді",- деді.
Ал Қ. Сержанов шегелер мен жіптердің суреттері стресске қарсы тамаша тәжірибе. Шыдамдылыққа, зейінділікке тәрбиелеп, сөздік қорын дамытатындығын атап өтті.

Шарада осы Стринг Артпен 8 жылдан бері айналысқан өнер иесі бірнеше композициясын таныстырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының эмблемасының жасалу жолын оқушыларға тәжірибе жүзінде көрсетті. Шеберлік сабағын жүргізді. Оқушылар ерекше ықыласпен, қызыға қатысты.
С. Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп-лицейінің оқушысы Нұрдәулет Тұрмахан «Стринг арт өнер түрін бірінші рет көріп тұрмын. Қызығушылығым оянды. Жіппен шегеге сурет салу ұзақ уақытты талап еткенмен, нәтижесі көз қуантарлықтай екен», - деді.
Айта кету керек, үйірме Достық үйінде балаларға аптасына екі рет және тегін жүргізіледі. Сабақты суретші, қолөнерші Қуаныш Сержанов өткізетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
ҚХА аясында Павлодар облысында Еңбек Ассамблеясы ашылды
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
-
Қызылордада халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
-
Қызылордада журналистер арасында «ДОСТЫҚ LIVE» футбол турнирі өтті