25 Ақпан, 2021
806
Қызылордада тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерге арналған дөңгелек үстел өтті
Қызылорда қаласының Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптама тобы «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараға Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесі алқасының мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сараптама тобының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
«Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков алғы сөзінде:
- Тұғырлы тәуелсіздік еліміздің басына бақ болып қонған сәттен бері Қазақстан түрлі жетістіктерге қол жеткізіп, елеулі өзгерістерді басынан өткерді. Еліміздің биік белестерден көрінуі – ата-баба аманатының жемісті жеңісі. Елбасымыз «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек», - дегендей, тәуелсіздіктің нұрлы таңы қалай жеткенін ұмытпай, бүгінгі жетістіктерімізді мақтан тұтып, жарқын болашаққа бірге қадам басайық, - деді.
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Бегімбай Ұзақбаев, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Гуманитарлық-педагогикалық» институты директорының орынбасары, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Дәулет Омаров, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты Мәдина Жүсіпбекова баяндама жасады.
Баяндамалар ел тарихындағы елеулі сәттер, ұлтаралық түсіністіктің қалыптасуы нәтижесінде елдегі бірлік пен ынтымақтың орнауы, тәуелсіздікке әкелген тарихи жол турасында болды.
Шара өзара пікір алмасумен жалғасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті