09 Наурыз, 2022
563
Қызылордада татар ЭМБ дәстүрлі кеш өткізді
Қызылорда қаласының Достық үйінің концерт залында «Көктем мерекесі – 2022» атты дәстүрге айналған кеш өтті. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Татар этномәдени бірлестігінің ұйытқысымен өткен шара Алғыс айту күні мен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналды.
Сегізінші жыл қатарынан өткізіліп отырған шараға облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестік өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Татар этномәдени бірлестігінің өнерпаз жастары ән-биден шашу шашып, залдағы көрермендердің көңіл-күйін көтерді. Шын жүректен алғыстарын білдіріп, мереке қонақтарына гүл шоқтарын сыйлады. Концерттік бағдарламада «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің жастарынан би нөмірлері орындалды.
Шара соңында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Болатбек Айтбенбетов сөз сөйлеп, қымбатты аналар мен қыз-келіншектерді келе жатқан мерекемен құттықтады. Нәзік жандылардың әрбір бастамаларына табыс тіледі. Ал татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина жас дарындар мен көрермендерге алғысын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті