16 Қазан, 2018
1149
Қызылордада Татарстанның драма театры өнер көрсетті
Татарстан Республикасының Буин мемлекеттік драма театры гастрольдік сапармен Қызылорда қаласының Достық үйіне келді.
Сапар аясында театр әртістері Достық үйінің қызметімен және мұражаймен танысып, облыстық татар және басқа да этномәдени бірлестіктерде қонақта болды. Сондай-ақ, Достық үйінде театрдың қойылымы ұйымдастырылып, балаларға арналған «Перекресток снов» қуыршақтар спектаклі орыс тілінде, А.Чехов әңгімесінің желісі бойынша «В футляре» спектаклі, «Килә ява килә ява!» комедиясы татар тілінде орыс тіліндегі синхронды аудармамен көрсетілді.
Буин мемлекеттік драма театры Татарстан Республикасы театрларының ішінде Ресейдің театр кеңістігіне біріктірілген театрлардың қатарына кіреді. Бүгінде театр ұжымы көптеген гастрольдік сапарлар ұйымдастырады, сондай-ақ, республиканың бар өңірлерінен театрларды өз алаңында қабылдайды.
Ұзақ уақыт үзілістен кейін Буин театры 2007 жылдан бері кәсіби ұжым ретінде жұмыс атқара бастады. Үш жыл бұрын театрға мемлекеттік мәртебе берілді. Бүгінде Буин театры - республикадағы ең табысты театрлардың бірі саналады.
100 адамға жуық ұжымы бар театрдың гастрольдік қызметінің аясы Ресей Федерациясының аумағына ғана таратылмайды. Сонымен қатар, Қазақстан сынды іргелес республикаларда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Калининград, Элиста, Астрахан, Нефтеюганск, Ижевск, Орал, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Екібастұз, Павлодар, Семей, Петропавл, Салават, Стерлитамак қалаларында театр қойылымдары жиі ұйымдастырылып отырады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті