02 Желтоқсан, 2021
373
Қызылордада «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты облыстық байқау қорытындыланды
Қызылорда қаласының Достық үйінің мәжіліс залында «Мың бала» республикалық мәдени ағартушылық жобасы аясында этнос оқушыларының қатысуымен «Тіл мәртебесі – ел мерейі» атты облыстық байқау болып өтті.
Алғашқы ашылу сөзді Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-і директорының орынбасары Мартана Дәулетбаева сөйледі.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және мониторинг бөлімінің жетекші сарапшысы Бауыржан Үсенбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының «Тілдерді оқыту» орталығының аға оқытушысы Асел Махамбет, неміс ЭМБ мүшесі Светлана Крюгер төрелік жасады.
Бес кезеңнен тұрған тартысты додада Kahoot қосымшасын пайдалану арқылы сұрақтарға жауап беру, мақал-мәтелдерден қатысушылардың білімдері анықталды. Сондай-ақ, шара танымал қазақ зиялыларын білулеріне байланысты «Тұлғаны тани біл» кезеңі, тірек сөздер арқылы мәтін құрау және логикалық сұрақтарға жауап беру сайыстарынан тұрды.
Шара қортындысына сәйкес бірінші орынды Сырдария ауданы, №36 мектеп оқушысы – Юлия Кочерещенко, екінші орынды Қызылорда С. Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицей оқушысы – Ситора Сакыпжанкызы, үшінші орынды Жалағаш ауданы №31 мектеп оқушысы – Людмила Цой алды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті