20 Маусым, 2025
200
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
2025 жылғы 19 маусымда Қызылорда қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы және Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аясында «TWO STARS» (Екі жұлдыз) атты ерекше ән-шоу байқауы өтті.
Шараны Қызылорда облыстық ҚХА Журналистер клубы алғаш рет ұйымдастырды.
Іс-шараға ҚХА мүшелері, өңірлік БАҚ өкілдері, шығармашыл жастар мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.
Байқау екі кезеңнен тұрды: алғашқы бөлімде қатысушы жұптар «бірлік», «достық», «татулық» тақырыптарында ән орындап, бейнеролик арқылы өз идеясын ұсынды. Екінші кезеңде еркін форматтағы сахналық қойылымдар мен әндер ұсынылып, көрермендердің зор қошеметіне ие болды.
Конкурстық бағдарламаның нәтижесінде бас жүлде – «Qyzylorda» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Т. Айымбетов пен бағдарламалар бөлімінің тілшісі А.Саруарбекке, «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы А. Жолтерек пен «Qyzylorda-news.kz» агенттігінің видео-контент шебері Қ. Мұстафаевқа, екінші орын – «Qyzylorda» телеарнасының сарапшы редакторы Д. Ақайдаров пен жүргізуші-редакторы Ә. Нажмадинқызына бұйырды. Арнайы жүлделер «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» қызметкерлері Д. Рахман мен Ж. Төребекова және «Кызылординские вести» газетінің тілшілері Е. Ақынов пен А. Гавычеваға табысталды.
Іс-шараның шарықтау шегінде барлық жұп бірігіп «Екі жұлдыз» әнін орындап, байқау салтанатты фейерверкпен қорытындыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді