25 Қазан, 2021
1007
Қызылордада заманауи ұлттық әйелдер киімінің көрсетілімі өтті
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында Қызылорда қаласының Достық үйінде заманауи ұлттық әйелдер киімдерінің көрсетілімі өтті.
ҚХА-ның «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы бірнеше жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Ол бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастырудың негізі ретінде Қазақстан халқының арасында қазақ халқының тарихын, мәдениетін, философиясын, этикасын танымал етуге бағытталған.
«Ұлттық киім – ұлттық құндылық» атты іс-шараны облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесімен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің белсенді әйелдері, аналар кеңесінің мүшелері, кәсіпкер әйелдер, дизайнерлік мамандық студенттері қатысты.
Көрсетілімде жас дизайнер-модельер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпазы Малика Дүйсенбаеваның туындылары көрсетілді. Көрсетілім жас ұрпақтың ұлттық киімге деген қызығушылы мен құрметті, оны киюге деген ықыласты ояту үшін және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Қазақ халқы мен Қазақстан этностарының дәстүрлерін насихаттайтын осындай іс-шаралар алдағы уақытта да көптеп өткізілетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қордай аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының І сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық қолөнер фестивалі өтті
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді