15 Тамыз, 2025
168
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобы облыстық «Қазпошта» АҚ филиалының ұжымымен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі тақырыбы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында айтқан «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты болды.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, PhD докторы Дәулет Омаров, этносаралық мәселелерді зерттеу және мониторинг бөлімінің аға сарапшысы Бауыржан Үсенбаев, «Орыс қауымдастығы» ҚБ облыстық филиалының төрайымы Наталья Мишукова және өзге де қоғамдық өкілдер қатысты.
Шара барысында қатысушылар қоғамның тұрақты дамуы үшін жұмысшы мамандықтарының маңызын, әділдік, жауапкершілік және кәсібилікті қалыптастыру қажеттігін талқылады. Мемлекет басшысының Жолдауында еңбекке және маманға құрмет – елді алға жылжытатын маңызды фактор екені атап өтілген. 2025 жылдың Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануы жастардың кәсіби бағдарлануына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Талқылау барысында этносаралық саясатты дамыту перспективалары, қоғамның құқықтық әрі моральдық іргетасы ретіндегі Конституцияның маңызы, сондай-ақ азаматтардың бірлігін, әділдігін және құқықтық санасын нығайтудың өзектілігі сөз болды.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар пікір алмасып, алдағы бірлескен жұмыстың бағыттарын айқындады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті
-
Баку қаласында АӨСШК-ның Жастар кеңесінің 8-отырысы өтті