16 Қазан, 2020
1059
Қызылордада жас бітімгерлер арасында байқау өтті
Қызылорда қаласының Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен медиация мәселелері бойынша ғылыми және әлеуметтік жобалар байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – облыста медиация институтын насихаттау, соттан тыс татуласу шараларының оңтайлы тұстарын халыққа жеткізу, елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту болып табылады.
Байқауға қала мен аудандардан 35-ке жуық жоба ұсынылды. Әділ қазылар құрамына «Бітім» медиация орталығының басшысы Л.Бақтыбаева, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қызметкері Ә. Жаппасбаев және «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының қызметкері Н. Рамазанова енгізілген.
Жоба қорғаушылардың қатарында ерекше жұмыстарымен көзге түсіп, жақсы дайындықпен келгендердің қатарында №7 мектеп-лицейінің оқушылары Айдын Бүркітбай және Айзада Серікқызы болды. Олар «egov mobile» қосымша іспетті, «mediation» атты бағдарламасы шығарылса, әрі онда Қызылорда облысындағы медиация орталықтары мен кабинеттерінің байланыс нөмерлері, кәсіби медиаторлар тізімі, медиация институты жайлы толық ақпараттар болса, сондай-ақ, газет беттерінде «Медиация айдары» шығарылып, халыққа нақты мәліметтер берілсе, медиация институты туралы бейне жарнамалар шығарылып, ұлттық арналарда көрсетілсе деген тиімді ұсыныстарын жеткізді.
Аймақта медиация институтын насихаттау мақсатында өткізілген әлеуметтік және ғылыми жобалар байқауына қатысып, үздік нәтиже көрсеткені үшін №7 мектеп-лицейінің оқушылары Айдын Бүркітбай және Айзада Серікқызы I дәрежелі диплом иегері атанды. Ал II дәрежелі дипломмен №264 мектеп-лицейінің оқушысы Ақжүніс Мүсілім, III дәрежелі дипломмен №10 мектептің оқушысы Роза Гажданбекқызы марапатталды. Барлық қатысушыларға Алғыс пен сыйлықтар табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада ҚХА Журналистер клубының медиафорумы өтті
-
«Этносауаттылық және этносаралық қатынастарды БАҚ-та жариялау мәселелері» атты оқу модулінің ашылуы өтті
-
ҚХА мен әл-Фараби ат. ҚазҰУ арасында меморандумға қол қойылды
-
ҚХА 30 жыл: бірлік, келісім және қоғамға қызмет
-
Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық форумы өтті
-
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті